ШЫМКЕНТ: Лола Əділбекова көркем гимнастика мектебін ашты

0
2 049

Лола Əділбекова Индонезияда өткен Азия ойындарында бас жүлдемен оралған еді.


ШЫМКЕНТ: Лола Əділбекова көркем гимнастика мектебін ашты

Шымкентте өз ісін жан-тәнімен сүйіп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жүрген жаттықтырушы Лола Əділбекова көркем гимнастика мектебін ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сондықтан да болар, соңғы кезде спорттың осы түріне деген қызығушылық та артып отыр. Гимнастика әдемі спорт түрі болғанымен, күн сайын шаршамай-талмай еңбектенуді қажет етеді. Əр баладан чемпион көргім келеді. Қазір олар тепе-теңдікті сақтау, иілу, қиын да күрделі элементтерді үйренуде. Болашақ чемпиондар алдарына мақсат қойып, шеберлігін шыңдай беретіні сөзсіз", - дейді бапкер.
Спортшыларды патриоттыққа баулып, оларды жігерлендіріп отыратын бірден-бір маман - ол бапкер. Бүгінде тәжірибелі спортшы білікті бапкерге айналып, осы спорт түрінен ұлттық құраманы баптап отыр. Әдетте, білікті маман қашан да тасада қалмайды, олар білгенін үйретуге, білмегенін үйренуге әуес келеді.
Танымал чемпион Роза Абитованың алғашқы бапкері, Эльжан Таниева, Баян Койбакар секілді болашақ чемпиондарды бұл күнде өз мектебіне қабылдайды. Көркем гимнастика тарихында ең жас үштік даярлап, еліміздің абыройын көтеріп, Индонезияда өткен Азия ойындарында бас жүлдемен оралған еді.