Шымкент медицинасында CEREBRA жасанды интеллект жүйесі енгізілуде

0
57

CEREBRA жүйесі мидың компьютерлік томографиясы (КТ) нәтижелерін автоматты түрде талдап, ишемиялық және геморрагиялық инсульттің алғашқы белгілерін анықтауда дәрігерлерге жедел көмек көрсетеді.


Шымкент медицинасында CEREBRA жасанды интеллект жүйесі енгізілуде

Шымкент қаласында инсультті ерте анықтауға арналған CEREBRA жасанды интеллект жүйесі кезең-кезеңімен медициналық ұйымдарға енгізілуде. Заманауи технология жуырда қалалық №1 клиникалық ауруханада да іске қосылды.

CEREBRA жүйесі мидың компьютерлік томографиясы (КТ) нәтижелерін автоматты түрде талдап, ишемиялық және геморрагиялық инсульттің алғашқы белгілерін анықтауда дәрігерлерге жедел көмек көрсетеді. Бұл диагностиканың дәлдігі мен жылдамдығын арттырып, науқасқа уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Инсульт кезінде әр минут маңызды. Уақтылы қойылған диагноз және емнің ерте басталуы ми жасушаларын сақтап қалуға, ауыр асқынулардың алдын алуға және науқастың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект дәрігердің орнын алмастырмайды. Ол – дәрігердің сенімді көмекшісі. Соңғы диагнозды қою және емдеу тактикасын анықтау әрдайым білікті дәрігердің құзырында. Ал CEREBRA жүйесі күрделі клиникалық жағдайларда шешім қабылдауға қосымша қолдау көрсетіп, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, бұған дейін CEREBRA жасанды интеллект жүйесі қалалық №2 ауруханада енгізілген болатын. Осылайша, Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында цифрлық технологиялар жүйелі түрде енгізіліп, тұрғындарға сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі кеңейіп келеді.
Бөлісу