Білім ұйымдары жанынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт клубына 84 660 бала жазылған
Оқушыларға құқықтық білім беріп, әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында Шымкенттегі 13 мектеп жанынан кадет сыныбы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқушылар сабақтан тыс уақытта сапта жүру, автоматты бұзып-жинауды үйреніп, спорттық жаттығулармен айналысады. Сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттырып, алғашқы медициналық көмек көрсету сынды бағыттарды меңгереді.
- Өлкелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында 25 аула клубтары мен дамыту орталықтары ашылған және «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы жұмысын бастады, - дейді білім басқармасының мамандары.
Бұдан бөлек, экологиялық бағыттағы 19 үйірмеге 3 770 оқушы тартылып, 12 мектептен жылыжайлар ашылған. Ал, білім ұйымдары жанынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт клубына 84 660 бала жазылған. Бұл бағытта 154 үйірме жұмыс істейді.