Шымкентте кедергісіз орта құру мәселелері талқыланды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелерін және ұсыныстарын талқылау мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған отырысқа «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, түрлі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар және олардың ата-аналары қатысты.
Сондай-ақ, жиын барысында Бахадыр Мәдәліұлы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында көтерілген мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлу жөніндегі тапсырмасының маңыздылығына тоқталып, партия тарапынан осы бағытта барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері де оңалту және емдеу мәселелеріне қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салып, өзекті мәселелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Бахадыр Нарымбетов партиялық жобаның өзекті мәселелеріне талдау жүргізіліп, айтылған барлық ұсыныс назардан тыс қалмайтынын, оларды жүзеге асыруда қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.