Шымкент: «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-ін жаңғырту жобалары жүзеге асуда

0
971

Кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдарын, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді.


Шымкент: «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-ін  жаңғырту жобалары жүзеге асуда

Шымкентте темір-бетон бұйымдарын өндіретін «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-ін кеңейту және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2011 жылы құрылған кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдарын, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді. Зауыт дайын өнімді отандық нарыққа шығаруда.

Кәсіпорын басшыларының айтуынша, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде зауытты жаңғыртуды қолға алған болатын. Барлық жаңа жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары сәтті жүзеге асты.

Атап айтқанда, бүгінде 3 жаңа жеке цех іске қосылды: палубасыз қалыптау желісі (плиталар, рилегтер, баспалдақ сатылары, жол жиектерін өндіру), ұсақ бөлшектелген бетон бұйымдары цехы (қабырға блоктары, тротуар плиталары), қабырға панельдерінің желісі (жоғары сұранысқа ие жаңа технологиялық полистирол бетон өнімдерін өндіру).

Мекеме қазіргі таңда 110 адамды жұмыспен қамтып отыр.