ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 21 азамат анықталды

0
354

Олардың 17-сі инфекциялық стационарға жатқызылып, 4-еуі үй бақылауына алынды.


ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 21 азамат анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 21 азамат анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олардың 17-сі инфекциялық стационарға жатқызылып, 4-еуі үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Оның ішінде 837 төсек орны бос. Ал 439 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда.
Айта кетейік бір тәулік ішінде қалада 6225 адам вакцина алды (I компонент-3642, II компонент-2583). Егу науқаны басталғалы барлығы 189 496 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 96 143 адам вакцинаның екі компонентін алды.