Байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, оның 10-ы финалдық турға жолдама алған.
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, оның 10-ы финалдық турға жолдама алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік жобалар туризм, IT, Ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, Агро-бизнес бағыттары бойынша ұсынылған.
Әділ қазылар алқасының шешімімен Ендібаева Аружан мен Елшібай Алияның «Бие сүтінен балмұздақ жасау» жобасы І орынға лайық деп танылды.
Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп – гимназиясының оқушылар Бақтыбай Ғабиден, Мусаев Жантөре «Jarvis» роботы жобасымен ІІ орынды жеңіп алды.
«Ақылды жылыжай» жобасын ұсынған Тұран Елдос жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды.