"Провизорлық станционарларда дәрі-дермек тапшылығы жоқ."
(Фото: Архив)
Шымкентте коронавирус жұқтырғандармен қатар, пневмониядан қайтыс болғандардың көрсеткіші өсті. Соңғы тәулікте ауыр дерттен 8 адам қайтыс болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.
Ербол Садырдың айтуынша, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2300-ден аса дерегі тіркелген.
Ал пневмониямен ауырған науқастар – 2700-ге жетсе, бір күнде орташа есеппен 100 науқас өкпесі қабынып ауруханаға түсіп жатыр.
– Қалада бүгінгі таңда 100 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп тұр. 1 маусымға 1091 шақырту қоңырауы түскен. Он күнде жедел жәрдем шақыру 20 пайызға өссе, өткен тәулікте 1850-ге жеткен. Олардың дені жұқпалы ауруларға шалдыққан, - деді Ербол Садыр.
Бүгінде Шымкенттегі провизорлық станционарлар күшейтілген. Қала әкімінің орынбасары мәлімдеуінше, бес күн бұрын қосылған 650 койко-орын науқастармен толған. Сондай-ақ, реабилитациялық 100 орын ұйымдастырылса, жатақханалардан 380 орынға провизорлық станционар әзірлерген. Алдағы уақытта да ғимараттар мен емдеу мекемелерінен бос орындар ашылатын болады. Пневмониямен ауырған науқастар қалада арнайы алгоритм бойынша емделеді.
– Аталған провизорлық станционарларда дәрі-дермек тапшылығы жоқ. Барлық дәрілер артығымен бар. Жергілікті бюджет есебінен 25 ИВЛ аппараты сатып алынды. Қалада жалпы 301 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Қосымша демеушілер қаржысына 100 аппаратқа тапсырыс берілген. Жұқпалы аурулар ауруханасына бүгін 100 мың маска әкелінді, - деді Е.Садыр.