ШЫМКЕНТ: Полиция көлігі қағып кеткен әйел қайтыс болды

0
732

39 жастағы әйел ауруханаға көптеген дене жарақатымен түскен.


ШЫМКЕНТ: Полиция көлігі қағып кеткен әйел қайтыс болды
Шымкентте полиция көлігі қағып кеткен әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
39 жастағы әйел ауруханаға көптеген дене жарақатымен түскен.
"Ауруханаға түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Басынан ауыр жараланған. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Жасанды тыныс алу құрылғысына қосылды. Барлық медициналық көмекке қарамастан әйелдің жағдайы нашарлай берді. 7 тамызда түнгі 01:00 шамасында науқас қайтыс болды", - дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Оңалбай Нарманов.

Еске сала кетейік, Шымкентте полицияның қызметтік көлігі әйел мен оның қызын қағып кетті.