ШЫМКЕНТ: ​Полиция қызметкерлері арасында «Үлгілі отбасы» байқауы өтті

0
129

Байқауға Департаменттің 6 отбасы қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады.


ШЫМКЕНТ: ​Полиция қызметкерлері арасында «Үлгілі отбасы» байқауы өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінде жеке құрам қызметкерлері арасында «Үлгілі отбасы» байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қызмет пен отбасы арасындағы үйлесімділіктің маңыздылығын көрсету және қызметкерлердің өзара ынтымақтастығын нығайту.
Байқауға Департаменттің 6 отбасы қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, құқықтық сауаттылығы, заңнаманы білуі, логикалық ойлауы және түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін танытты.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің моральдық-психологиялық ахуалын нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге және берік ұжым қалыптастыруға ықпал етеді.
Бөлісу