Мегаполистегі психиатриялық ауруханада жатқан 60 жастағы науқастың туыстарын дәрігерлер іздеуде.
Шымкентте дәрігерлер психиатриялық ауруханада жатқан 60 жастағы науқастың туыстары мен жақындарын іздестіруде деп хабарлайды ERNUR.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.
Александр Кудашов есімді ер адам медициналық мекемеге жедел жәрдем қызметі арқылы қаңтар айының басында жеткізілген екен. Тексеру барысында науқастың қала көшелерінде жалғыз жүргені, өзін дұрыс ұстамағаны анықталған. Тіпті дәрігерлер оның бойындағы психикалық ауытқуларды байқаған. Медициналы мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ер адам туыстарының атын білмейді. Ол тек өзінің аты-жөнін айта алады екен. Полиция ер адамның қазіргі уақытта еш жерде тіркелмегенін растаған. Деректер базасында оның бұрынғы мекен-жайы көрсетіліпті. Алайда ондағы тұрғындар Александрды білмейтіндерін айтыпты.
Ал қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты екендігін айтады дәрігерлер.
Науқасты көрген-білгендер болса төмендегі нөмірге хабарласуда сұраймыз: Шымкент қ. Таштракт, 3 км, "Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығы". Тел: +7 701 7311647