ШЫМКЕНТ: «Rahima-PLAZA» сауда орталығында егу пункті ашылды

0
1 178

Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: «Rahima-PLAZA» сауда орталығында егу пункті ашылды

Шымкент қаласында вакцина салдыру пункті 45-ке жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.
– Оразаны ескере отырып, қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін вакцина салу уақытын сағат 08:00-ден 00:00-ге ұзарттық. Одан бөлек егу пунктілерін көбейтіп, оның саны 45-ке жетті. Яғни, бүгін қаладағы «Rahima-PLAZA» сауда орталығында егу пункті ашылды. Бұл жылжымалы егу орындарынан бөлек, 25 мобильдік топ жұмыс істеуде. Оған қоса вакцинаның тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізіліп отыр, – деді басқарма басшысы.
Спикердің сөзінше, қазіргі таңда қалада екпенің І компоненті 103 360 адамға, ІІ компоненті 12 358 адамға егілген. Оның ішінде медициналық қызметкерлер – 12 274, мұғалімдер – 18 851, құқық қорғау қызметкерлері – 8 572, созылмалы аурулары бар азаматтар – 5 927, студенттер – 3 085 және өзге санаттағылар 54 201-ді құрады. Ал вакцина қоры жеткілікті. Шаhар тұрғындары отандық «QazVac» немесе ресейлік «Спутник V» екпелерінің қалағанын салдыра алады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал қалыпты болып тұрған жоқ. Өткен тәулікте Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 105 жағдайы тіркелген.