ШЫМКЕНТ: Ретсіз сауда жасаған 4 мыңға жуық тұлғаға ескерту жасалды

0
744

Бұл бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған.


ШЫМКЕНТ: Ретсіз сауда жасаған 4 мыңға жуық тұлғаға ескерту жасалды

Шымкентте белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобының құрамында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, аудан әкімдіктері, аудандық полиция басқармаларының өкілдері және Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің қызметкерлері бар.
Жұмыс тобы Тәуке хан даңғылы Байтұрсынов, Арғынбеков, Өтегенов, Сырым батыр, А-2 тас жолы, жабық базар мен өзге де көшелердің бойында және түрлі нысандар маңында белгіленбеген орындарға мониторинг ұйымдастырып, сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша түсіндіру шараларын жүргізді.
Жалпы 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес 4640 хаттама толтырылды, оның ішінде 3760 ескерту, 13 599 720 теңгеге 880 айыппұл салынған.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес, белгіленгеннен тыс орындарда сауда жасау ескерту жасауға немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.