ШЫМКЕНТ: сапалы интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы баспасөз туры ұйымдастырылды

0
987

Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда.


ШЫМКЕНТ: сапалы интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы баспасөз туры ұйымдастырылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімдігінің цифрландыру басқармасы мен ішкі саясат басқармасының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының ұйымдастыруымен қала аумағындағы интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда атқарылып жатқан тиісті жұмыстардың барысы туралы пресс-тур өтті.

Баспасөз іс-шарасында Цифрландыру басқармасының басшысы М.Кемелов БАҚ өкілдерін Ж.Шанин театрының шатырында орналасқан станцияның, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясындағы жоғары жылдамдықпен қамтылған интернет желісінің, «109 І Shymkent» ситуациялық орталығындағы интертент желісінің және Самал-3 мөлтек ауданындағы оптикалық интернет желісін тарту жұмыстарымен таныстырды.
Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде. Бүгінгде елді мекендерге «Кcell» АҚ-ы мен бірлесе 5G технологиясымен 126 базалық станциясы орнатылды. Қазір қала аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталып, базалық станция іске қосылады.
Қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы драма театрының шатырында орналасқан станцияның жұмысы толығымен аяқталды. Осы аумақтың тұрғындары 5G технологиясының артықшылықтарын арнайы смартфондар арқылы тегін қолдануға болады. Қалалық цифрландыру басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстардың барысын жіті тексеріп, жыл соңына дейін қойылған жоспардың орындалуын басты назарда ұстайтын болады.
Қаламыздағы білім беру мекемелерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында, жоспарға сәйкес мемлекеттік ашық конкурстары өткізілді. Бүгінде, конурс жеңімпазы анықталып, қала аумағындағы 147 мектепті 150 мбит/сек (100 мбит/сек – оқу процессі, 50 мбит/сек – камера және SOS батырмасына) төмен емес жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, 2023 жылы, 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізілді. Бүгінде, елді мекендер тізімі бекітіліп, жыл басынан бері 16 елді мекенде тиісті жұмыстар атқарылған. Олар: Қайнарбұлақ саяжай аумағы, Нұршуақ, Бозарық жаяжау аумағы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Ынтымақ-1 және Ынтымақ-2, Оңтүстік ш/а, Самал-1, Кіші Самал, 112-Орам, Карл-Маркс, Тассай бөлімшесі, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас елді мекендері. Қалған 4 елді мекенге оптика желісін жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтарды сатып алу және монтаждау жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып, 316 000 ға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынатын болады.