Шымкент "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті

0
458

30 маусымдағы жағдай бойынша, Шымкент қаласы «сары» аймақта болатын.


Шымкент

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Мәліметтерге сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент , Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, 30 маусымдағы жағдай бойынша, Шымкент қаласы «сары» аймақта болатын. Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 103жағдай тіркелді.