ШЫМКЕНТ: ​СӘУІР-МАМЫР АЙЛАРЫНДАҒЫ БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

0
71

Мұндай көмек 1876 адамды қамтиды


ШЫМКЕНТ: ​СӘУІР-МАМЫР АЙЛАРЫНДАҒЫ БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Шымкент қаласында бір реттік әлеуметтік көмек арнайы қағидаға сәйкес, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен, қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 19 наурыздағы шешімімен бекітіліп, мерекелік және атаулы күндерге орай беріледі.

Сәуір мен мамыр айындағы мұндай көмек 1876 адамды қамтиды:
45 АЕК мөлшеріндегі (194 625 теңге) көмек:
– 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күніне орай 192 адамға;
– 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 181 адамға беріледі.
15 АЕК (64 875 теңге) көлеміндегі бір реттік төлем:
– 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тыл еңбеккерлері саналатын 1280 адамға;
– Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақаттан немесе аурудан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (60 адамға);
– қаза тапқан әскери қызметшілердің 163 отбасына беріледі.
Бөлісу