ШЫМКЕНТ: шағын аудандарда өрт сөндіру деполары салынуда

0
104

Бір қабатты ғимарат жобасында қызметтік кабинеттер, асхана, оқу сыныбы қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: шағын аудандарда өрт сөндіру деполары салынуда

Бүгінде Шымкент қаласындағы Таскен, Елтай, Сәуле шағын аудандарындағы өрт сөндіру деполарының құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Нысандар пайдалануға берілгенде мұнда 20-ға дейін қызметкер жұмыс істеп, 2 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылады. Сондай-ақ учаскелік полиция пункті, медициналық пункт, өрт сөндіру бекеті және жол-патрульдік полиция қызметерлері қызмет көрсетеді.

Бір қабатты ғимарат жобасында қызметтік кабинеттер, асхана, оқу сыныбы қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, жыл соңына дейін қаламызда мұндай нысандар құрылысы Бозарық және Жаңаталап шағын аудандарында да қолға алынады. Ал, 2026 жылы Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити және Ақжар шағын аудандарында өрт сөндіру деполарының құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Тұран шағын ауданындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 25 пайызға орындалған. Нысан 2026 жылға өтпелі.
Бөлісу