Қылмыскер қолдан жасалған билетті 250 000 теңгеге сатқан.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкенттік азаматқа қолдан жасалған жалған билет сатқан қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының Полиция департаментіне 6.08.2019 жылы қала тұрғыны қаладағы туристік агенттіктердің бірінен шетелге құны 250 000 теңгеден астам қаржыға билет сатып алып, кейін аталған билеттің қолдан жасалғандығы анықталғаны туралы айтып арызданған. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізу барысында алаяқтық жасаған күдіктіні анықтап, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жеткізді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.