Цехты ашу үшін 750 миллион теңге инвестиция салынған.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “Шымкай” кәсіпорнына барып, жұмыс барысын көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 миллион теңге инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.
Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.