«Шымкент сити» арнайы экономикалық аймағында 56 мың азаматқа баспана беріледі

0
1 531

10 тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға беріледі.


«Шымкент сити» арнайы экономикалық аймағында 56 мың азаматқа баспана беріледі

«Шымкент сити-дің» алғашқы үйлері келесі жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Шымкенттегі 436 гектар аумаққа «Шымкент Сити» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда жеке инвесторлар есебінен 17,2 млрд. теңгеге 1036 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 10 тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бұл жобаның нәтижесінде қала экономикасына 1 млрд. АҚШ долларына тең инвестиция тартылып, 56 мың азамат баспанамен қамтамасыз етіледі.