ШЫМКЕНТ: Соңғы тәулікте 32 адамнан коронавирус анықталды

0
417

Оның ішінде 30 адамда ауру симптомы байқалған.


ШЫМКЕНТ: Соңғы тәулікте 32 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 32 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 30 адамда ауру симптомы байқалған. Қазірде 14 науқас инфекциялық стационарға жатқызылды.

Шымкентте кәсіпкерлік нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын арнайы топ 11 қараша күні 257 нысанға тексеру жүргізген. Нәтижесінде 3 нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қаладағы инфекциялық стационарларда барлығы 763 орын қаралып, бүгінде төсек-орын толымдығы 29%-ды құрайды.
Бүгінде стационарларда 227 науқас емделуде. Жансақтау бөлімінде – 177 төсек орын әзірленіп, онда 44 науқас ем қабылдауда.