Шымкент тарихына арналған өлкетану кеші өтті

0
901

Шара барысында Шымкенттің тарихы туралы толық мәліметтер беріліп, кеңінен насихатталды.


Шымкент тарихына арналған өлкетану кеші өтті

Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 19 маусым – Қала күніне орай қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Шуағын төккен шымқала» атты өлкетану кеші болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара барысында жастарға Қазақстанның көне қалаларының бірі Шымкенттің тарихы туралы толық мәліметтер беріліп, кеңінен насихатталды. Өлкетану кешінің негізгі мақсаты- жасөспірімдерге қала туралы деректерді таныстыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру.
Рухани кешке - ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек, ақын Дәркен Танабаев қатысты.
Іс-шара барысында «Тарихы терең шымкент» атты бейнефильмнің көрсетілімі болды, «Шырайлым, Шымкентім» атты әдеби-композиция, «Мақтанышым мекенім» викториналық ойындар ұйымдастырылды.