ШЫМКЕНТ: Тауарды қайта өңдеуші 6 кәсіпорынға қолдау көрсетілді

0
627

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.


ШЫМКЕНТ: Тауарды қайта өңдеуші 6 кәсіпорынға қолдау көрсетілді

Шымкент қаласында тауарды қайта өңдеуші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыты ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, шұжық, консерві өндіру.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биылғы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар іске қосылады. Қазір «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы арқылы сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын өнімдердің қуаттылығы артты.
Сондай- ақ, Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жалпы ауданы 132 гектар «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін биыл аяқтау жоспарлануда. «Бозарық» өндірістік аймағы іске қосылған жағдайда құны 18 миллиард теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар жүзеге асатын болады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6% құрады. 2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды. Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 2021 жылы жалпы құны 152,6 миллиард теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды.

Жалпы 2023 жылы үшінші мегаполиске 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.