Тек төтенше жағдай кезінде ғана несие төлемдері кешіктірілген жағдайда айыппұл мен өсімпұл жүргізілмейді.
Шымкент қаласында еліміздегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты несиелер мен микрокредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар өндірілмейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шымкент қаласы бойынша басқарма басшысы Әбілғазы Қалназаров мәлімдеді.
Сонымен қатар, азаматтық кодекске сәйкес кредит бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы төтенше жағдай кезінде мүліктік жауапкершілікке тартылмайды.
- ҚР-да төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен қаржы қауымдастығы, екінші деңгейдегі банктермен бірлесе отырып, және барлық несие беруші субъектілермен бірігіп шешімдер қабылдадық. Бүгінгі күні қаладағы барлық банктер тұрақты түрде жұмыстар жасауда. Кредиттік төлемдер кестеге сәйкес жүргізіледі. Тек төтенше жағдай кезінде ғана несие төлемдері кестеден кешіктірілген жағдайда ғана айыппұл мен өсімпұл жүргізілмейді. Бұл бір жақты жұмыс жүргізілгеннен кейін банкке барып арыз жазудың қажеті жоқ. Әр азамат өзі тұтынған банктың ресми сайты арқылы көруге болады, -деді Әбілғазы Қалназаров.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде қиын жағдайға түскен кәсіпкерлер банкке барып немесе онлайн түрде өтінішін қалдырса несие төлемін 90 күнге шегеріледі. Әр тұлғаның мәселесі жеке қаралады. Бұл Ұлттық банктің азаматтық кодексі мен "Банк туралы заңда» көрсетілген.
Әбілғазы Мамышұлының айтуынша, бұл тек қана екінші деңгейлі банктерге ғана қатысты емес. Микроқаржы ұйымдарға, ломбардтар да төтенше жағдай кезінде Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасайды. Яғни, елімдегі төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдар өндірілмейді.