ШЫМКЕНТ: Туған ағасын пышақтаған жігіт сотталды

0
984

Шымкент тұрғыны үйіні ішімдік ішіп мас болып келген ағасын пышақтап тастаған.


ШЫМКЕНТ: Туған ағасын пышақтаған жігіт сотталды

Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны туған ағасын пышақтағаны үшін сотты болды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Нұрсат шағынауданында тұратын 1986 жылы туған жігіт үйіне түн ортасында, яғни түнгі сағат бір жарымда араққа сылқия тойып келген. Үйінің есігін аша алмай біраз тұрып қалса керек, үйдегі туыстарының есікті аша қоймағандарына ашуланады. Араққа сылқия тойған інісіне есік ашқан ағасы арасында кикілжің туындаған. Ағасы мас боп келген інісіне ашуланып жұдырық жұмсаған. Сөйтіп алкогольге масайған інісінің сазайын берген ағасы сыртқа шығып кеткен. Бауырының бұл қылығына әбден қаны қарайған інісі асхана пышағын алып аулада тұрған ағасына ұмтылған. Оның сол аяғы мен сол жақ қабырғасына пышақпен соққылаған. Жарақаттанған үлкен ұлын көрген ата-анасы жедел жәрдем шақыртпай ақ ауруханаға таксимен өздері жеткізген. Масаң халде туған ағасына пышақ кезеніп жарақаттаған інісі өз ісіне өкініп, ауруханада бауырының ем алу кезінде бір елі қасынан шықпаған көрінеді.

Бауырын жарақаттаған 33 жастағы жігітке ҚР ҚК нің 106 бабының 1-ші бөлігімен, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады" бойынша айып тағылған. Бұрын сотты болмаған сотталушының өз ісіне өкінетіндігі, жәбірленушіден кешірім алғандығы да сот барысында ескерілген.
Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.