Шымкент тұрғындарының 93%-ы табиғи газбен қамтылған

0
705

2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда.


Шымкент тұрғындарының 93%-ы табиғи газбен қамтылған

Шымкент тұрғындарының 93%-ы табиғи газбен қамтылған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 94,7 %-ға жететін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте елді мекендерді табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Олар: Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Нұртас, Ақжар, Қөқбұлақ, Солтүстік саяжай және Тұран шағын аудандары.

Сонымен қоса, Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасуда. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды. Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тассай елді мекені сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Құрылыс жұмыстарының нәтижесі бойынша Тассай, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас және Көкбұлақ, Батыс елдімекеніндегі 20 мыңға жуық адам көгілдір отынмен қамтылады.

Қазіргі таңда шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. 2021 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті. Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді.

Айта кетейік, 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады.