ШЫМКЕНТ: заңсыз жолаушы тасымалына қарсы рейд жалғасуда

0
78

Бұл бағыттағы алдын алу және рейд іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты жалғасатын болады.


ШЫМКЕНТ: заңсыз жолаушы тасымалына қарсы рейд жалғасуда

Шымкент қаласында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Қала әкімінің 2025-2026 жылдарға арналған бекіткен жоспары аясындағы жұмыс Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен құқық қорғау органдарының бірлесуімен қолға алынған.

Іс-шара барысында жолаушыларды заңсыз таситын жүргізушілерге қатысты анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Сонымен қатар, жүргізушілерге қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, алдын алу жұмысы жүргізілді.
Мұндағы мақсат – заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік саласында заң талаптарының сақталуын күшейту.
Бұл бағыттағы алдын алу және рейд іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты жалғасатын болады.
Бөлісу