Шымкент жастары референдумға орай ұйымдастырылған “Біз өркендеген ел үшін” акциясына қатысты

0
74


Шымкент жастары референдумға орай ұйымдастырылған “Біз өркендеген ел үшін” акциясына қатысты

ERNUR.KZ. Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жастар жағы да қарқынды түрде үлес қосуда. Олар республикалық референдум аясында ұйымдастырылған "Біз өркендеген ел үшін" акциясына қатысты. Олар «Арбат» демалыс аймағында жиналып, белсенділіктерін көрсетті. Қаланың әртүрлі аймақтарында да дәл осындай жастар акциясы ұйымдастырылған.


“Қала жастары референдумға келіп өз дауыстарымызды берудеміз. Тек таңдау жасап қана қоймай, акцияларға қатысудамыз. Өйткені, қала тұрғындары, кейінгі буын өкілдеріне біз үлгіміз. Жастар үнемі қозғалыста. Даму үстінде. Сол сияқты елімізде оң шешімдерді қабылдап өсуі тиіс. Бүгінгі референдум, болашаққа жасалған ең дұрыс шешімнің бірі деп білемін,”-дейді шымкенттік жас Толғанай Әділхан.
«Арбат» демалыс аймағында 20 -ға жуық жастар жиналып, көк туды мақтанышпен көкке көтеріп жүрді. Бұл көрініс қала тұрғындарының көңілінен шықты.