Аталған мекеменің 50 қызметкері вакцина салдырды.
Бүгін Шымкент қаласының «Zhasyl zher» ЖШС қызметкерлері де ұйымдасқан түрде вакциналауға қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Zhasyl zher» ЖШС – Қаратау ауданы аумағындағы орталық маңызға ие және ішкі орам көшелері, аулаларға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін мекеменің бірі.
Аталған мекеменің 50 қызметкері ерікті түрде вакцина салдырды. Сондай-ақ, қызметкерлер барша қала тұрғындарын індеттің алдын алу мақсатында ерікті түрде екпе алуға шақырды.
Қазіргі таңда қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны кезең-кезеңімен артып отыр.