ШЫМКЕНТ: жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

0
71


ШЫМКЕНТ: жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында арнайы жиын өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі – Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жанұзақов Серғали Әбілхасымұлы және басқарма қызметкерлері қатысты.
Бас маман өз баяндамасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Антикор» агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына қосылғанын, ал оның негізінде арнайы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылғанын атап өтті. Сондай-ақ, бұған дейін «Антикордың» міндетінде болған кейбір функциялар — жемқорлықтың алдын алу, антикор мәдениетін қалыптастыру және саясат ұсыну сынды бағыттар енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзырына берілгенін жеткізді.
Серғали Әбілхасымұлы жиналғандарға заңнамалардағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Іс- шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болды.
Бөлісу