ШЫМКЕНТ: Жер сілкінісі салдарының алдын алу жайы талқыланды

0
625

Азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы пысықталды.


ШЫМКЕНТ: Жер сілкінісі салдарының алдын алу жайы талқыланды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жер сілкінісі салдарының алдын алу және жою бойынша арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Басқосуда зілзала орын алған жағдайда күш-құралдарының және азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы пысықталды. Сондай-ақ, сейсмикалық микроаймақтандыру картасын әзірлеу жайы талқыланып, барлық органдардың қысқа мерзімді іс-қимыл алгоритмі бекітілді.
Жер сілкінісінің зардаптарымен күресу, қалпына келтіру бойынша Полиция, Төтенше жағдайлар департаменттерінің алгоритмге сәйкес іс-әрекеті нақтыланды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллға шыдайтын 458 тұрғын үй салынған. Шымкент қаласында 1991-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7 баллды құрайтын шамаммен 1900 тұрғын үй салынған. Ал, 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллды құрайттын шамамен 458 тұрғын үй салынған. Ал, Шымкент қаласында соңғы жылдары салынған тұрғын үйлердегі 1210 пәтерден кемшіліктер анықталған. Мердігер компаниялар кепілдік мерзіміне сәйкес, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, Шымкент қаласында 2023 жылы жалпы көлемі 254,2 мың шаршы метрді құрайтын 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Құрылыс салуға мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 12,9 миллиард теңге қарастырылған.
Бұдан бөлек, құрылыс сапасын жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында қосымша талаптар енгізілді. Атап айтқанда, мердігер мекемеге 21 қосымша талап, техникалық қадағалаушыларға 15 қосымша талап, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді. Сондай-ақ, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру жұмыстары қолға алынды.