Жылу маусымына дайындық шараларына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Бүгін қала Ғабит Сыздықбеков қатысуымен жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланған арнайы жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кету керек, қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы қала әкімінің тікелей бақылауында.
«Жылу қазандықтарына жауапты әрқайсыңыз тиісті нысандарды аралап, жылу жүйелерін тағы бір тексеріп шығыңыздар. Қандай бар бір өзекті мәселе болса, ашық жеткізу керек. Әрбіріңізді жүктелген міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Халықтың игілігі үшін баршамыз жұмыла жұмыс жүргізейік. Жылу маусымына дайындық жұмыстарын жеке аралап көремін», - деді мегаполис басшысы.
Жылу маусымына дайындық шараларына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.