2200 жылдық тарихымен танылған мәдени астана - тазалығымен де танылғаны абзал.
29 ақпанда Шымкент қаласында сенбілік өтпек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Туған өлкенің тазалығын сақтап, көркеюіне атсалысу – әрбіріміздің қала тұрғынының парызы. Бұл істе бір кісідей жұмылу арқылы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туады.
Сондықтан, барша қала тұрғындарын 29 ақпан жалпы қалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз.
Жалпыхалықтық сенбіліктер қала көшелерін таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негіз қалайтыны анық. Көшелерді және аулаларды көріктендіру мен абаттандыруға мәдени астананың әр тұрғыны қатыса алады.
2200 жылдық тарихымен танылған мәдени астана - тазалығымен де танылғаны абзал.