Шымкентке «Спутник Лайт» вакцинасының 11 500 дозасы жеткізілді

0
607

Қазір Шымкентте мемлекеттік және жекеменшік емханаларда 45 егу бекеті жұмыс істеп тұр.


Шымкентке «Спутник Лайт» вакцинасының 11 500 дозасы жеткізілді

Шымкент қаласына «Спутник Лайт» вакцинасының 11 500 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаңтардың 24 күні препарат медициналық ұйымдарға толық таратылып, бүгінде тұрғындар аталған екпені егу бекеттерінде қабылдауды бастап кетті.

«Спутник Лайт» – коронавирус инфекциясына қарсы иммундаудың толық курсынан кейін қайта вакцинациялауға арналған. Ревакцинация екінші компонентті алғаннан алты айдан кейін ғана жүргізіледі.
Қазір Шымкентте мемлекеттік және жекеменшік емханаларда 45 егу бекеті жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті бар. Екпе бекеттерінде ревакцинацияға арналған мынадай екпелер бар: «Vera Sel» және «Спутник Light». Ал «Комирнати» (Pfizer) препаратымен тиісті контингенттер ғана ревакцинациялай алады, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен жасы алпыстан асқан қала тұрғындары да бұл тізімде бар