Препарат дәрілер қан орталығынан қаладағы екпе егу бекеттеріне таратылды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласына «Спутник V» вакцинасының қосымша І компонентінің 33 545 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Препарат дәрілер қан орталығынан қаладағы екпе егу бекеттеріне таратылды.
Жыл басынан бері қалаға «Спутник-V» вакцинасының 1 компонентінен 171 630 және 2 компонентінің 116 555 дозасы жеткізілген. «QazCovid-In» вакцинасының 8 000 дозасы және «Hayat-Vax» вакцинасының 30 мың дозасы келген.
Қазірде қалада инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компонент 15074 және 2 компонент 55323 дозасы бар.
Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентке 175 760 адамға ковидке қарсы вакцина салынды.