Шымкентте 100 мыңға жуық тұрғын ревакцинацияланды

0
543

Егу науқаны басталғалы барлығы 596 514 адам вакцинацияланды.


Шымкентте 100 мыңға жуық тұрғын ревакцинацияланды

Шымкентте 3 ақпан күні 56 адамның КВИ жұқтырғаны белгілі болды (белгілері бар – 39, белгілері жоқ – 17), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 30%-ды құрайды, 611 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 272 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –135 төсек орын бар, 40 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 507 адам вакцина алды (I компонент- 242, II компонент- 265). Егу науқаны басталғалы барлығы 596 514 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 823 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Pfizer вакцинасының I компонентін 42 703 адам, II компонентін 16 972 адам қабылдады. 99 464 адам ревакцинацияланды.