Шымкентте 12 адамнан коронавирус анықталды

0
453

7 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


Шымкентте 12 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 8 желтоқсан күні 12 адамнан КВИ анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 5 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 383 орын бар, төсек орын толымдығы 25 пайыз. Инфекциялық стационарда 99 науқас, жансақтау бөлімінде 11 науқас ем қабылдауда.
Егу науқаны басталғалы 586 459 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 550 701 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Rhizer вакцинасының I компонентін 7 325 адам, II компонентін 113 адам қабылдады.