Шымкентте 136 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады

0
755

Қазіргі таңда инвесторлармен келісім шартқа тұрып, жерді тегістеп дайындау жұмыстары басталды.


Шымкентте 136 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады

Шымкент қаласында 2 агро-индустриалды аймағын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде көліктік-логистикалық орталық маңындағы136 га аумақта заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға жер бөлінеді.

Бірінші кезеңде қарастырылған жобаларға 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салатын 8 инвестор анықталды. Оларға 12 жылға жер жалға берілді. Қазіргі таңда инвесторлармен келісім шартқа тұрып, жерді тегістеп дайындау жұмыстары басталды.

Ал екінші кезеңде 60 га жылыжайды құрайтын 20 жоба жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, қаланың тиімді орналасуыкөлік-логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы ретте құрылған көліктік-логистикалық орталығында 60,1 мың шаршы метр болатын мұздатылған қоймалар пайдалануға берілді. Аталған орталықта көтерме тарату орталығын құрып, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау, буып түю, фито-санитарлық бақылаудан өткізу, тауар партиясын қалыптастырылып, экспортқа жіберу жұмыстары жоспарлануда.

Одан өзге, бұл бағытта қаладағы Қайнар бұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу және сүт өндіру зауытын салынады деп күтілуде.