Жігіт аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Шымкентте 18 жастағы жігіт көпірден секіріп, ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 тамызда Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына белгісіз адам Ордабасы алаңында орналасқан Тәуелсіздік саябағының көпірінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгенде 18 жастағы қала тұрғыны Тәуелсіздік саябағының көпірінен секіріп, бетон асфальтына құлап, дене жарақаттарын алғаны анықталды. Содан кейін аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Аталған жайт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.Қазіргі уақытта бұл адамнан оның денсаулық жағдайына байланысты жауап алу мүмкін емес. Тиісті сараптамалар тағайындалды.