Шымкентте 180 мыңға жуық адам вакцина салдырды

0
326

Оның ішінде 89 401 адам вакцинаның екі компонентін алды.


Шымкентте 180 мыңға жуық адам вакцина салдырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында егу науқаны басталғалы барлығы 178 215 адам вакциналанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4537 адам вакцина салдырды. I компонент – 2437 адам салдырса, II компонент – 2100 адам салдырды.
Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 178 215 адам вакциналанды. Оның ішінде 89 401 адам вакцинаның екі компонентін алды.
3 маусым күні КВИ-дің 46 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 29, белгілері жоқ – 17). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 31 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 376 орын бар.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 225 нысан тексерілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.