Шымкентте 19 жастағы жігіт суицид жасамақ болды

0
832

Жас жігіт әпкесімен сөзге келіп қалғандығының себебінен осындай әрекетке барған.


Шымкентте 19 жастағы жігіт суицид жасамақ болды

Шымкентте 9-шы қабаттан секірмек болған жігітті полицейлер дер кезінде тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

16 наурыз күні 27 жастағы жігіт 9 қабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болды. Қаратау аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары азаматпен сөйлесіп, суицидтің алдын алған.

Жас жігіт әпкесімен сөзге келіп қалғандығының себебінен осындай әрекетке барған.

Азаматтың өмірін құтқарып қалған учаскелік полиция инспекторларының кәсіби іс-әрекеттері көпшіліктен қолдау тапты. Сол маңдағы тұрғындар мен куәгерлер полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен жоғары кәсіби қарым-қабілетіне алғыс айтты.