Шымкентте 24 метрлік құдыққа түсіп кеткен сәби құтқарылды

0
109

Құтқарушылар арнайы альпинистік жабдықтарды қолданған.


Шымкентте 24 метрлік құдыққа түсіп кеткен сәби құтқарылды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы жер үйлердің бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Бір жасар қыз бала тереңдігі 24 метр болатын құдыққа құлап кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жер үйдің аумағында болған. «112» пультіне хабарласқан тұрғындар 2024 жылы туған қыз баланың абайсызда құдыққа түсіп кеткенін айтқан.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екенін анықтады. Бұл шамамен 8 қабатты ғимараттың биіктігімен тең.

Құтқарушылар арнайы альпинистік жабдықтарды қолдана отырып, құдықтың түбіне түсті. Күрделі жағдайға қарамастан, олар баланы алып шықты. Қыз бала бірден медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың денсаулығын тексеріп жатыр.