Шымкентте 27 елді мекен сапалы интернетпен қамтылады

0
2 447

Шаһарда сапалы интернетпен қамтудың 2-ші кезеңі басталды.


Шымкентте 27 елді мекен сапалы интернетпен қамтылады

Шымкентте 27 елді мекен сапалы интернетпен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһарда сапалы интернетпен қамтудың 2-ші кезеңі басталды.
Жоба бойынша 27 елді мекенге базалық станция орнату және 16 тұрғын алапты оптикалық желімен қамту жоспарланған. Бұл жұмыстарға жеке инвестор да тартылып отыр.
Қазіргі таңда 16 тұрғын алаптың координаты жолданып, желіні электр бағанасы арқылы жүргізуге келісім алынды. Іс осы жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқталмақ.
Айтып өтейік, өткен жылы шалғай аудандарды интернетпен қамтудың 1-ші кезеңінде 11 елді мекенге базалық станция орнатылған болатын. Оның ішінде Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай) тұрғын алаптарында станциялар толық іске қосылды.
Асар, Шымсити, Ақтас-2, Асар-2, Айкөл, Тұран және Шымсити-2 шағын аудандарында базалық станциялар электр желілеріне жалғанып жатыр. Бірінші кезең бойынша орнатылған базалық станциялар түгел іске қосылса, 51 668 адам сапалы интернетке қол жеткізеді.
Ал Айкөл тұрғын алабына базалық станция орнату үшін Kcell байланыс операторымен келісім жасалды. Жұмыстар қаңтар айының соңында басталады.