Шымкентте 35 адамнан коронавирус анықталды

0
278

Оның ішінде 32 адамда ауру белгілері байқалған.


Шымкентте 35 адамнан коронавирус анықталды
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 35 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оның ішінде 32 адамда ауру белгілері байқалған. 18 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй жағдайында дәрігерлердің бақылауына алынған.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 38 пайызды құрайды.
Дәрігерлер ауруды қайта өршітіп алмау үшін қарапайым сақтық шараларын қолданып, карантин талаптарын сақтауға шақырады.