Нысанның құрылысы осы жылдың қаңтар айында басталған болатын.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында Мағжан Жұмабаев атындағы № 39 орта мектептің бастауыш сыныптарға арналған 375 орындық қосымша корпусының ашылуына қатысты.
Айта кетейік, нысанның құрылысы осы жылдың қаңтар айында басталған болатын. 16-шағын ауданда орналасқан жалпы мектепте 2300 бала оқиды, 460 шәкіртке инклюзивті білім беріледі.
Жалпы ауданы 4522 шаршы метр үш қабатты жаңа ғимаратта 17 оқу сыныбы бар, онда робототехника, логопед кабинеттері, компьютерлік және лингвистикалық кабинеттер, зертхана қарастырылған. Сондай-ақ, спорт залы, асхана, жеделсаты және жуынатын бөлмелер де бар.
Балалар мен спорт алаңдары, жүгіру жолы, футбол, баскетбол және волейболға арналған шағын стадиондар салынған.
Жаңа корпус мектептегі орын тапшылығын шешіп, балаларға қолайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.