Шымкентте 411 медицина қызметкеріне өтемақы берілді

0
683

Короновируспен күрекен қызметкерлер 2 миллион теңгеден алды.


Шымкентте 411 медицина қызметкеріне өтемақы берілді

Шымкентте 411 медицина қызметкеріне өтемақы берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 674 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Төлем бойынша 9 рет комиссия отырысы өтті. Әр жағдай жеке-жеке қаралды. Олардың ішінде 411 қызметкерге 2 миллион теңгеден төленді, қалғаны коронавируспен күреске тартылмаған.
Өздеріңізге белгілі, пандемия басталған кезде Президенттің тапсырмасымен коронавирусты емдеуге тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақы тағайындалған болатын. Инфекциялық стационарларда істегендер 1-тәуекел тобы жатқызылып, айына қосымша 850 мың теңге үстемақы төленіп отыр.
Провизорлық орталықтарда істейтіндер мен жедел жәрдем дәрігерлері 2-тәуекел тобында. Олар 425 мың теңге алды. Ал, карантин орталықтарында істегендер 3-тәуекел тобы болып белгіленді. Бұл топтағылар 212,5 мың теңге үстемақы алып отырды.
- Менің ойымша, үстемақы мөлшері белгіленген кезде тәуекел деңгейі де қарастырылған. Әр медицина қызметкері коронавируспен күреске қатысуға келісім берген кезде жұқтырып алу қауіпі бар екені ескертіледі. Одан бөлек, медицина ұйымдары қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Бұдан былай, егер медицина қызметкері жұмыс кезінде коронавирус жұқтырғаны расталса, оған бас дәрігер жауапты болады, - деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.