Шымкентте 46 жастағы әйел үйіндегі тоңазытқышқа есірткі сақтаған

0
773

Әйелге қатысты “ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.


Шымкентте 46 жастағы әйел үйіндегі тоңазытқышқа есірткі сақтаған

Шымкент қаласында 46 жастағы әйел полиэтилен пакетке оралған есірткі типтес заттарды үйіндегі тоңазытқышта сақтап келген, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

11 маусымда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2020” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі затын заңсыз сақтау фактісі бойынша 1974 жылы туған әйел өз үйінде тоңазытқышта полиэтиленді пакетке орап, есірткіге ұқсас заттарды сақтағанын анықтады.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 1 килограммға жуық “марихуана” мен “гашиш” есірткі заттары екендігі анықталды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ, осы есірткі заттарының пайда болу жолдары мен оның заңсыз айналымға салыну деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әйелге қатысты “ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.