Шымкентте ​480 медицина қызметкері ковидке қарсы вакцина салдырды

0
2 539

Екпе алғандардың арасында кері реакция болған азаматтар тіркелмеген.


Шымкентте ​480 медицина қызметкері ковидке қарсы вакцина салдырды

Шымкентте 480 медицина қызметкері ковидке қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Екпе алғандардың арасында кері реакция болған азаматтар тіркелмеген. Вакцинациялау жұмысы қаладағы төрт емханада жүргізіліп жатыр.

Шымкентте алғашқы тәулікте 180 адам COVID-19 ға қарсы екпе салдырған. Ең алдымен инфекциялық ауруханалардағы медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем және емханалардағы мобильді топтың қызметкерлеріне салынды. Жалпы 480 медицина қызметкері ковидке қарсы вакцина салдырды.

Сонымен қатар, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Екпе салардан алдын дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру секілді дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі.