Шымкентте 5 адамнан коронавирус анықталды

0
378

Бір тәулік ішінде қалада 1 521 адам вакцина алды.


Шымкентте 5 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 13 желтоқсан күні КВИ-дің 5 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 4, белгілері жоқ – 1), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 20%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 78 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 9 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 1 521 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 588 958 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 554 306 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 8 869 адам, II компонентін 1 205 адам қабылдады.7 354 адам ревакцинацияланды.