Шымкентте 50 спорттық іс-шара өтеді

0
922

Оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарлануда.


Шымкентте 50 спорттық іс-шара өтеді

Шымкент қаласында маусым-желтоқсан айларында 50 спорттық іс-шара өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

Атап айтқанда оның 11-і «Шымкент қаласының чемпионаттары». Спорттың жеті түрінен (садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, дзюдо, қазақ күресі) өтетін жарысқа 2 мыңнан аса бала қатысады деп жоспарлануда.
16-ы «Қазақстан Республикасының чемпионаттары». Ол спорттың 11 түрінен (футбол, волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қол добы, қазақ күресі, конькимен мәнерлеп сырғанау, каратэ, шорт-трек) өтеді. Аталған іс-шараға 3 600 бала қатысады деп күтілуде.
23-і «Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар». Бұл спорттың 15 түрі бойынша (футбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стенд ату, оқ ату, шорт-трек) ұйымдастырылады. Жарысқа 5 мыңға жуық бала қатыспақ.